"Мен үшін орны бөлек": Рамазан Амантайдың қарындасын ұзатқан сәті елді жылатты (ВИДЕО)

Бүгін, 20:14 / Жамбыл Жайлау
SN.kz коллажы

Белгілі актер Рамазан Амантайдың туған қарындасын ұзатып жатқан сәті әлеуметтік желі қолданушыларын ерекше әсерге бөледі, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде тараған видеода актердің қарындасына деген мейірімі, бауырлық ықыласы және қимастық сезімі анық байқалады. Рамазан Амантай қарындасын жаңа өмірге шығарып салып тұрып, толқып кеткенін жасыра алмады.

Актер үшін бұл күннің орны бөлек болған. Ол туған қарындасының өміріндегі ең маңызды сәттердің бірінде жанында болып, ақ тілегін білдірді.

"Қарындасымның орны бөлек", – деді Рамазан Амантай.

Әсерлі бейнежазба көпшіліктің жүрегін елжіретті. Желі қолданушылары бауырлар арасындағы шынайы сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәнті болып, пікірлерін жарыса жазды. Көпшілік актердің қарындасына деген қамқорлығы мен қимастық сезімі видеодан анық көрінетінін айтып, жас жұбайларға бақыт тіледі.

Туған қарындасын ұзату – әрбір аға үшін ерекше әрі жауапты сәт. Ал Рамазан Амантайдың осы күнгі эмоциясы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілікті тебірентті.

Тэгтер:

Актриса Рамазан Амантай