Мемлекет басшысы бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін, 15:54 / Алуа Арман
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңеске қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеңесте Алатау қаласын дамыту мәселелері кеңінен талқыланып, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын дамыту мақсатында Үкімет тарапынан қолға алынған шаралар туралы, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасады.

Жиын соңында Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

 

 

Тэгтер:

Награда марапат