Жыл басынан бері Алматы облысының экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды – Президент

Бүгін, 14:04 / Алуа Арман
Ақорда

Бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңеске қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының экономикасына назар аударып, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 900 млрд теңгеге жеткенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

 «Негізі, облыстың даму қарқыны жаман емес. Тиісті жұмыс істелуде. Былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайызға өсті. Қаңтар-сәуір айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ 5 орында тұр. Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жетті. Бірақ аграрлық сектордың әлеуеті әлі де толық игерілмей жатыр. Биылғы 4 айдың нәтижесі бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексі 101,2 пайыз болды», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатқанына тоқталды.

«Алайда, бір олқылыққа назар аударғым келеді. Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр. «Баяғы жартас – сол жартас», қаланың келбеті – өзгеріссіз күйде. Бұл қалада шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек. Онсыз Алматы облысы өз аяғына тұрып кете алмайды. Облыс басшылығы осы өзекті мәселелерге баса назар аударуы қажет», - деді Мемлекет басшысы.

 

Тэгтер:

Алматы облысы Тоқаев Алатау қаласы