Ел аралап, концерт беріп жүрген әнші Мөлдір Әуелбекова өзін сүйіп тыңдайтын тыңдарманына алғысын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазақтың пейіліндей пейіл жоқ шығар, сірә. Қазақтың ұлылығы байлығында емес, жүрегінің кеңдігінде. Сол кең пейілдің арқасында барлық өнер адамы шалқып өмір сүріп жүр. Өйткені қазақ халқы өнерді де, өнер иесін де әрдайым төбесіне көтерген. Осындай кең жүректі, мейірімді, жомарт халқым барда біз әрдайым баймыз. Бар жақсылығын үнсіз жасайтын халқымның алдында басымды иемін. Сіздерге ән арнаудан ешқашан жалықпаймын!
«Шіркін-ай, шіркін-ай, кең пейіл жұртым ай
Рақмет саған, ХАЛҚЫМА», – деп жазды әнші жеке парақшасында.