Бүгін қай қалада ауа сапасы төмендейді

Бүгін, 05:46 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

– 2 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Өскемен, Алматы қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.