Екібастұзда тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден кішкентай бала құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
31 мамыр күні Екібастұз қалалық ауруханасына 2025 жылы туған сәби жеткізілген. Науқас бас, кеуде қуысы және аяқ-қолдарының жарақаттарымен сипатталатын ауыр қосарланған жарақат (политравма) диагнозымен жансақтау бөліміне шұғыл түрде жатқызылды.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Ол жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдауды жалғастырып жатыр.
Полиция ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау және пәтерлерде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін тағы да ескертті:
балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
бала бар кезде терезелерді ашық қалдырмаңыз;
масаға қарсы торларға сенбеңіз, өйткені олар баланың салмағын көтере алмайды;
терезелерге арнайы бекіткіштер мен құлыптау құрылғыларын орнатыңыз;
балалардың терезеге өздігінен жақындауына жол бермеу үшін жиһаздарды терезе алды мен терезе маңынан алысырақ орналастырыңыз.