Астанада жатақхана өртенді

Бүгін, 14:50 / Алуа Арман
112

Астанадағы жатақханалардың бірінде өрт шығып, тұрғындар ғимараттан шұғыл түрде эвакуацияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт Байқоңыр ауданындағы Тайбурыл көшесінде орналасқан жатақханада болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бес қабатты жатақхананың үшінші қабатындағы бөлмелердің бірінен өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде бөлмеден қою қара түтін шығып жатқан, бұл ғимарат ішінде түтіннің қатты таралғанын көрсеткен.

«Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жұмыстарын жүргізді. Өртті сөндіру үшін су оқпаны берілді. ТЖМ қызметкерлері келгенге дейін жатақхана тұрғындары өз күштерімен сыртқа эвакуацияланды», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт 10 шаршы метр аумақта жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Тэгтер:

Астана өрт Жатақхана