Қостанайда адам қағып кеткен жүргізуші 2 жылға сотталды

Бүгін, 12:15 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай ауданаралық сотында жүргізуші Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 18 қаңтарда сағат 12:20 шамасында Қостанай ауданы Октябрьск ауылында «Peugeot 307» автокөлігін басқарған Т. жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жаяу жүргінші К.-ны қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші К. алған жарақаттарынан көз жұмған.

Жәбірленуші өкілі қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтып, бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Сот жаза тағайындау кезінде кінәні мойындау мен шын өкінуді жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот сотталушының жеке басын, жасаған әрекетінің қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып:

ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша — 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 2 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру;

ҚК-нің 347-бабы бойынша — 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

ҚК-нің 58-бабы негізінде түпкілікті 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 2 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленуші өкілінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Сот Қостанай жүргізуші