Жыл басынан бері шекарада 300 тоннадан астам мұнай өнімі тәркіленді – ҰҚК

Бүгін, 12:05 / Дана Ізтілеуова
видеодан скриншот

ҰҚК Шекара қызметі мұнай өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әкетуге жол бермеу үшін шаралар қабылдауда. Биыл жыл басынан бері өткізу пункттерінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 2400-ден астам фактісінің жолы кесілді., деп хабарлайды turkystan.kz.

Тәркіленген өнімнің көлемі (бензин, дизель отыны, керосин және т.б.) 300 тоннадан аса құны шамамен 60 млн теңге.

Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып журген заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды.

Бұл іс-әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖЖМ көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған.