20 жыл жасырынған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Бүгін, 09:40 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қарақшылық жасаған Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 2006 жылы Павлодарда адамдар тобымен қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің мүлкін ұрлағаны анықталды.

Күтіктіні қоспағанда оның басқа сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, ол қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

2025 жылғы қыркүйекте ол Новосібір облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тэгтер:

күдікті Ресей Қылмыскер Экстрадиция қарақшы