Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:58 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

1 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.