"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автодәлізінің Қайнар – Тараз және Тараз – Шымкент ақылы жол учаскелерінде рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығы өзгерді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.
19 мамырдан бастап аталған жол учаскелерінде сағатына 120 шақырым жылдамдық режимі белгіленді.
Сондай-ақ осы күннен бастап Тараз – Шымкент учаскесінде орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі уақытша өшірілді.
"Осыған байланысты сағатына 110 шақырым жылдамдық шектеуін асырғаны үшін келіп түсетін айыппұл хабарламалары жергілікті уәкілетті органдардың құзыретіне жатады және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның жауапкершілік аймағына кірмейді", – делінген компания хабарламасында.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жол белгілерінің талаптарын орындауға және жол қозғалысы ережесін қатаң ұстануға шақырды.