Белгілі қазақстандық әзілкеш әрі блогер Айдос Қожахметов Қарағанды облысы күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы федерация Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады turkystan.kz.
Федерация мәліметінше, ол медиа мәселелері жөніндегі вице-президент болып тағайындалған.
"Айдос Кожахметов - қазақстандық блогер, әзіл әрі өмірлік видеолардың авторы, стендап-әзілкеш, актер, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы. Ол күнделікті өмірі, отбасы мен адамдар арасындағы қатыынастар мен қазақстандықтардың тұрмысы туралы қысқа роликтерімен танымал. Оның видеоларының көбі миллион қаралым жинайды.
Одан бөлек Айдос музыкамен айналысады. Оның әндері көбіне отбасылық құндылықтарға, ата-анасы мен жақындарына арналған", - делінген хабарламада.