Алаштанушы «Бетперде киген адамның» кім екенін жария етті

Бүгін, 23:14 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында қара бетперде тағып, қайырымдылық жасап жүрген жігіттің кім екенін білетінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгінде бетіне бетперде таққан, көзілдірік киген  ұзын бойлы жігіт қайырымдылық жасап, үлгі-өнеге көрсетіп жүр. Оның кім екенін іштей білем. Сол Димаш Құдайберген ғой. Қазақтың Құдай берген азаматы Димаш деп ойлаймын.  Немесе Димаштың атынан істеп жүрген бір жақын досы болуы мүмкін.  Бір қызығы, жұрттың көбі солай ойлайды. Бұдан қателесіп жатсам, қатты ашуланбаймын. Ортамыздан шыққан қазақтың қаракөз азаматы ғой әйтеуір. Өзінің  қарақан басының қамын ойлайтын шіріген байларға өнеге боларлық іс атқарып жүр», - деді Сұлтан Хан Аққұлы.