Санитарлық авиация жаңа туған сәбиді Павлодардан Астанаға шұғыл жеткізді

30 мамыр, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" тікұшағының экипажы дәрігерлермен бірлесіп, шұғыл санитарлық рейс орындады.

Олар Павлодар қаласынан 14 күндік сәби мен анасын Астанаға жеткізді.

Рейс 2 сағатқа созылды, ал нәресте арнайы медициналық көмек көрсету үшін "Жүрек" кардиохирургиялық орталығына жеткізілді. Ұшу барысында ТЖМ қызметкерлері қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.