Түркістан облысында ер адам өзгенің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен

Бүгін, 16:40 / Нұрлан Әлинұр
Pixabay

Түркістан облысында мас ер адам өзгенің көлігін заңсыз мініп кеткен.

Полицияға көлігінің жоғалғаны жөнінде Түлкібас ауданының тұрғынынан хабарлама түскен.

Ол үйінің алдында есігі ашық тұрған көлігін белгісіз біреу айдап кеткенін айтқан.

Полицейлер көлікті "Алматы - Ташкент - Термез" тас жолында байқап, тоқтатпақ болған.

Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қашуға тырысқан.

Дегенмен жүргізуші ұсталды.