Ресей шекарашылары Қазақстан пойыздарын тексермейді

Ресей шекарашылары Қазақстан пойыздарын тексермейді

Ресей шекарашылары Қазақстан пойыздарын тексермейді
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Енді құжат Парламент Сенатының қарауына жіберіледі. «Хаттамамен тараптардың басқаруына берілген теміржол учаскелері бойынша мемлекеттік шекара арқылы жолаушылар және жүк пойыздарының тоқтатусыз өту тәртібі қарастырылады. Сонымен қатар тотатусыз өтетін пойыздар шекара қызметі жағынан болатын тексерулерге жатпайды. Аталған нормалар жолаушыларды жеткізу мерзімін бір бағытта 36 сағаттан 23 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді»,- деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасы бойынша баяндама жасау барысында. Министрдің сөзіне қарағанда, бұдан басқа, хаттамамен өзге елдің аумағында орналасқан бір елдің теміржол учаскесінде жүк операцияларын жүргізу үшін стансаларды ашу және жабу тәртібі регламенттеледі. Хаттамамен шекаралық аймақтардағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Соның ішінде жергілікті атқарушы органдарға конкурсты ұйымдастыру, тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау ережелерін әзірлеу бойынша құзыреті берілетін болады.