Оралда көршісінің көлігін ұрлады деген ер адам ұсталды

Бүгін, 15:27 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Оралда эвакуатормен көршісінің көлігін ұрлап кетті деп күдікке ілінген ер адам ұсталды. Көлік заңды иесіне қайтырлған, деп хабарлайды БҚО ПД.

Ведомствоның мәліметінше, БҚО полиция қызметкерлері құны шамамен 8 миллион 500 мың теңге тұратын ұрланған автокөлікті тауып, заңды иесіне қайтарған.

Күдікті ретінде облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны анықталған. Ер адам үй ауласында тұрған Toyota Camry автокөлігінің есігі құлыпталмағанын байқап, кейін эвакуатордың көмегімен көлікті алып кеткен.

Ұрланған автокөлікті полицейлер қала маңынан тапқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталған. Ер адамның қылмыстық әрекеттері Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Полиция азаматтарға мүліктің сақталуына салғырт қарау қылмыстық әрекетке себеп болуы мүмкін екенін ескертеді. Көлік иелеріне автокөліктің есігін әрдайым құлыптап, кілтті салонда қалдырмау және қосымша қорғаныс құралдарын пайдалану ұсынылады.