Бүгін шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 10:08 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде шетел валюталарының жаңартылған бағамдары жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанада долларды сатып алу бағасы 480,99 теңге болса, сату бағасы 487,99 теңгені құрайды. Еуро 558,99 теңгеден қабылданып, 569,32 теңгеден сатылуда. Ресей рублі 6,48–6,80 теңге аралығында саудаланса, қытай юані 68,11 теңгеден сатып алынып, 73,33 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллардың сатып алу бағамы 485,55 теңге, сату бағамы 489,16 теңге деңгейінде қалыптасты. Еуро 565,59 теңгеден қабылданып, 571,13 теңгеден ұсынылуда. Рубльдің бағасы 6,54–6,67 теңге аралығында болса, юань 69,33–72,05 теңге аралығында айырбасталуда.