Роза Рымбаева ұлдары жасаған тосынсыйға көңілі босап, көзіне жас алды (ВИДЕО)

29 мамыр, 2026 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға балалары ерекше тосынсый жасады. Әншінің сахнадағы 50 жылдық шығармашылық мерейтойына орай оған жаңа көлік сыйға тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші Әли Оқапов Instagram парақшасында анасына тосынсый жасаған сәттің видеосын жариялады. Бейнежазбада Роза Рымбаеваның Алматыдағы автоорталықтардың біріне келгені, ал ұлы оған жаңа жол талғамайтын көліктің кілтін табыстағаны көрінеді.

"Сізді шығармашылық мерейтойыңызбен құттықтаймыз. Сахнада жүргеніңізге – 50 жыл! Біз сізге тосынсый дайындадық. Осы жаңа көлікті сый ретінде қабыл алыңыз", – деді Әли Оқапов.

Күтпеген сыйлықты көрген Роза Рымбаева қуаныштан көз жасына ерік берді. Әлеуметтік желі қолданушылары әншіні құттықтап, балаларының бұл әрекетіне жылы лебіздерін білдірді.

Тэгтер:

Роза Рымбаева