Астанада «AMANAT» партиясының кезекті съезі өтеді

Бүгін, 19:53 / Дана Ізтілеуова

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының кезекті XXVI съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара 2026 жылы 12 маусымда Астана қаласында өтеді.

Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.

Партияның Орталық аппараты мен филиалдары съезд қарсаңында дайындық жұмысын қолға алуда.