Танымал актер Әбілмансұр Серіков пен жұбайы Гүлия Ұзақбаева перзентханада сәбиімен бірге түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желі қолданушылары жылы кадрларға сүйсініп, құттықтауын жаудырды.
"Асыға күткен кездесу", – делінген суреттің сипаттамасына.
Жарияланған суреттерден Әбілмансұр Серіков пен Гүлия Ұзақбаеваның жаңа туған сәбиді қолдарына алып тұрғанын көруге болады. Жас ата-ана кішкентай қыздарына мейірлене қарап, қуанышты сәтін бөліскен. Басқа кадрларда актерлер жақын адамдарымен бірге түскен.
Жарияланған суреттер 65 мыңға жуық лүпіл жинаған.
Желі қолданушылары пікір қалдырып, жас ата-ананы құттықтады.