29 мамыр күні Астанада FEI Jumping World Challenge Final 2026 турнирінің алғашқы іріктеу сыны өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Халықаралық жарысқа түрлі елден келген спортшылар қатысып, FEI әлемдік челленджі финалының маңызды кезеңдеріне жол ашты.
Алғашқы іріктеу сыны 220.2.1.1-бап бойынша 115 см биіктікте өтті. Спортшылар кедергілер бағытын бір айналымда, қайта секірусіз, таза әрі жылдам өту бойынша сынға түсті.
Қатысушылар дайындық деңгейінің жоғары екенін, бағытты дәл бағындыру шеберлігін және тұрақты техникасын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – Хуршидбек АЛИМДЖАНОВ (CHAMPIONS LEAGUE)
2-орын – Бекжан БАЙЖАНҰЛЫ (KING DIAMOND)
3-орын – Ринат ГАЛИМОВ (D’ARTAGNAN Z)
4-орын – Ринат ГАЛИМОВ (KIRA VAN DE LAREN Z)
5-орын – Раиса СОКОЛЕНКО (CLUE GOLD)
FEI Jumping World Challenge Final 2026 Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Бұл – отандық ат спорты тарихындағы ең ірі халықаралық додалардың бірі.