4 млн теңге алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды

Бүгін, 16:47 / Алуа Арман
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 5 мамырдағы үкімімен борышкер «Алимент төлеуден жалтару» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта сотталғанның бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған баласын асырау жөніндегі сот шешімін орындаудан жалтарғаны анықталды. Нәтижесінде алимент бойынша 4 млн теңге көлемінде берешек қалыптасқан. 

Бұған дейін борышкер осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып, алайда рақымшылық актісін қолдануға байланысты жазадан босатылған. Соған қарамастан, тиісті қорытынды жасамай, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтаруын жалғастырған. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Биылғы жылдың 4 айында Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша 21 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде: 7 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған; 5 іс бойынша айыптау үкімдері шығарылған; қалған қылмыстық істер өндірісте. 

Осыған байланысты прокуратура сот шешімін орындамау үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады.

 

Тэгтер:

алимент борышкер