Астанада клоундар фестивалі өтеді

Бүгін, 11:04 / Інжу Әлихан
Астана әкімдігі

Астанада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай III Халықаралық клоундар фестивалі өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Фестиваль балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға, отбасылық мәдени демалыс дәстүрін дамытуға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық әрі қолайлы шығармашылық орта қалыптастыруға бағытталған.

Фестиваль аясында сағат 12:00-де «Бәйтерек» монументінен клоундар шеруі басталып, «Ғашықтар» саябағына дейін жалғасады.

Фестивальге өнер әлемінде кеңінен танылған Мұтырғановтар отбасы, еліміздің бірқатар өңірінен келген өнерпаздар, сондай-ақ Дания, Италия, Франция, Аргентина және Ресей елдерінің шығармашылық өкілдері қатысады.

Сағат 17:00-де Амфитеатр сахнасында фестиваль қатысушыларының концерттік бағдарламасы өтеді.

Көрермендерге балалар мен отбасыларға арналған шығармашылық қойылымдар, сахналық көріністер және мерекелік нөмірлер ұсынылады.

III Халықаралық клоундар фестивалі балалардың мәдени-шығармашылық дамуын қолдауға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мазмұнды мәдени орта қалыптастыруға бағытталған.