Жаңалықтар

Петербургтегі терактіні "Әл Каидамен" байланысты экстремистер жасаған

ашық дереккөзі

Петербургтегі терактіні "Әл Каидамен" байланысты экстремистер жасаған

"Әл Каидамен" байланысты "Имам Шаміл батальоны" экстремистік тобы Петербургтегі жарылыс жауапкершілігін өз мойнына алды. Бұл туралы SITE Intelligence Group – Террорлық әрекеттерді зерттеу тобы хабарлады. Хабарларға қарағанда, экстремистік топ тағы да теракт жасаймыз деп қорқытқан. Петербург метросындағы теракт 3 сәуірде болды. Шабуыл салдарынан 16 адам қаза тапты. Олардың арасында жарылысты жүзеге асырды делінген жанкешті Акбаржон Жалилов та бар. 17 сәуірде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі теракт ұйымдастырған деген күдікпен Аброр Азимовты ұстағанын хабарлады. Осы іс бойынша оның бауыры Акрам Азимов та қолға түсті.