Түркістан облысында аса ауыр қылмыс үшін іздеуде жүрген адам ұсталды

28 мамыр, 2026 / Інжу Әлихан

31 жастағы азамат Алматы облысында адам өлтіру дерегі бойынша іздеуде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдікті Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жетісай қаласындағы көшелердің бірінен қолға түсті.

– Ұсталған азамат одан әрі тексеру жұмыстарын жүргізу және іздеуді жариялаған тарапқа тапсыру мақсатында полиция бөліміне жеткізілді, – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.