Өскеменде бір топ велосипедшіні көлік қағып кетті

Бүгін, 10:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

27 мамыр күні шамамен сағат 09:30-да Өскемен қаласында Ертіс өзені үстіндегі көпірде жас велошабандоздарды көлік қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Avensis автокөлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, спортшылар тобына соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған 6 велошабандоз медициналық көмекке жүгінді», – деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

Аталған жол апатына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

Тэгтер:

көпір Өскемен велосипед Ертіс