Шавкат Рахмонов бокстан әлем чемпионаттының жүлдегерімен спарринг өткізді (ВИДЕО)

Бүгін, 23:01 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов ұзақ үзілістен кейін жаттығу процесіне қайта кірісті. Залдан түсірілген видеоны DAR Team командасы Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрларда Рахмонов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовпен спарринг өткізіп жатқанын көруге болады.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізген еді. Сол кездесуде ол ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, кәсіби мансабындағы мінсіз рекордын сақтап қалды – 19 жеңіс, 0 жеңіліс.

Осыдан кейін қазақстандық спортшы денсаулығына байланысты біраз уақыт октагонға шықпады. Ұзақ үзілістің салдарынан ол UFC-дің жартылай орта салмақтағы үздік рейтингінен түсіп қалған болатын.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов