Ақтөбеде мыс зауытының құрылысы басталды

Бүгін, 13:59 / Інжу Әлихан

Ақтөбе арнайы экономикалық аймағында Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі жобасының құрылысы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жоба Ақтөбе облысы әкімдігі мен КAZAKH INVEST қолдауымен, Beijing Jinyi Yuanfang Holding Group инвестициясы арқылы жүзеге асырылуда.

Іс-шараға «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов қатысты.

Кәсіпорын жылына 25 мың тонна мыс катанкасы мен кабель өнімдерін өндіреді. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайды.

Жоба аясында 250 тұрақты жұмыс орны ашылып, өнім ЕАЭО және Еуропа елдеріне экспортталады.