Ақтөбеде жер үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

Бүгін, 11:58 / Інжу Әлихан
Скриншот

Ақтөбеде жер үйде газ жарылып, егде жастағы тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.

Табиғи газдың шығуынан газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан 100 шаршы метр аумақтағы жеке тұрғын үй опырылған.

Оқиға орнынан 1 адамның мәйіті табылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша, оқиғаға табиғи газдың шығуы себеп болған.

— Оқиға орнынан қаза тапқан әйелдің денесі табылды. Салдарын жою жұмыстарына ТЖД, Апаттар медицинасы орталығы, жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары, соның ішінде кинологиялық топ тартылды. Оқиға орнында Полиция департаменті мен шұғыл қызметтердің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, — деп қосты ведомство.

Қазір авариялық-құтқару жұмыстары, үйінділерді тексеру және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жүргізілуде.