«Анасы күн бермеді деді»: Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы енесі бар шындықты жайып салды

Бүгін, 06:25 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы енесі алғаш рет үн қатып, әншімен арадағы қарым-қатынас, ажырасудан кейінгі жағдай және немересін көре алмай жүргені туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның сөзінше, Мөлдір мен ұлы сезіммен қосылып, тату-тәтті өмір сүрген. Алайда уақыт өте келе араларында түсініспеушілік пайда болып, ақыры екі жас ажырасып кеткен.

Сондай-ақ ол ажырасқаннан кейін немересін көре алмай жүргенін айтып, өкпесін жеткізді.

“Мөлдір сұхбаттарында бұл туралы айтпайды. Немеремізді көрсетпей қойды. Тіпті “әкемнің үйі проходной двор емес” дегені де болды”, – дейді ол.

Арыстанның анасы әншіге ешқашан жамандық жасамағанын айтып, келін ретінде жақсы қабылдағанын жеткізді.

“Мөлдір “әпкесі мен шешесі күн бермеді” деп айтты. Бірақ неге екінші күйеуімен де ажырасты?” – деп ойын ашық айтты.