Қытай билігі жаңа туған нәрестелерге исламға қатысты ат қоюға тыйым салды

Қытай билігі жаңа туған нәрестелерге исламға қатысты ат қоюға тыйым салды

Қытай билігі жаңа туған нәрестелерге исламға қатысты ат қоюға тыйым салды
ашық дереккөзі
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында жаңа туған нәрестеге мұсылман дініне қатысы бар есімдерді қоюға тыйым салынды. Жергілікті перзентханаларда жаңа туған сәбилерге қоюға болмайтын есімдердің тізімі де пайда болған, деп жазады Baq.kz.  Тыйым салынған есімдердің қатарында Мекке, Ислам, Саддам, Құран атаулары бар. Егер балаға осы тыйым салынған есімдер берілсе, онда сәбилерге мемлекеттік денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде қызмет көрсетілмейтін көрінеді. Шыңжанда 23 миллион тұрғынның жартысынан астамы мұсылмандар екен. Бұл өңірде діни экстремизммен күрес өте қатал. Әйелдерге ниқаб қиюге, ал ер азаматтарға «мұсылман сақалын» өсіруге тыйым салынған.