Еркебұлан Тоқтар танымал ММА шеберіне қарсы жекпе-жек өткізеді (ВИДЕО)

26 мамыр, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Танымал қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар поп-ММА жұлдызы Артем Тарасовпен жекпе-жек өткізеді. Айқас Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, Еркебұлан Тоқтар IBA Nomad 15 турнирі аясында октагонға шығады.

"Екеуі де көрерменге тартысты жекпе-жек көрсетіп, жанкүйерлерге нағыз шоу сыйлауға дайын", – делінген хабарламада.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, кездесу 4 шілде күні Алматыда өтеді.

Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы Артем Тарасов бұл жекпе-жекке келісімшартқа қол қойған сәтінің видеосын жариялады.

"Кездескенде қайсымыз мықты екенімізді білеміз", – деп Артем Тарасов Еркебұланға үн қатты.

Тэгтер:

Еркебұлан Тоқтар