26 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесінің заңсыз айналымына қарсы айлықтың ашылуына орай Абай облысы полиция департаменті мен Абай облысының әкімдігі ауқымды флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл жолы жастар жай ғана акцияға қатысқан жоқ — олар қоғамға үн қатты. Бір мақсат, бір үн, бір жүрек болып біріккен мың жас алаң төрінде "STOP" сөзін бейнелеп, есірткіге қарсы батыл ұстанымдарын көрсетті. Аспаннан қарағанда анық көрінетін бұл көрініс — болашаққа жасалған үндеу, өмірді таңдаған жастардың символына айналды.
Флешмобтың басты идеясы — "Бір адамның таңдауы — бір тағдыр, ал мыңдаған жастың таңдауы — тұтас ұлттың болашағы" деген маңызды ойды жеткізу.
Қазір нашақорлық — тек бір адамның мәселесі емес, тұтас қоғамның дерті. Сондықтан бұл бастама жастардың санасына серпіліс беріп, салауатты өмір салтын насихаттаудың тың үлгісіне айналды.