Тәжікстанның Дангар қаласында үстел теннисінен Тәжікстан Президентінің ашық кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Халықаралық турнирде Қазақстан намысын Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Сағантай Құрмамбаев, Ырысбек Артықметов, Жанерке Көшкімбаева, Әнел Бақыт, Ангелина Романовская және Гүзел Торшаева қорғады. Ұлттық құрама жарысты алты медальмен аяқтады.
Әнел Бақыт пен Қазақстан әйелдер құрамасы командалық сайыста алтын жүлдеге ие болды. Айдос Кенжіғұлов, Ангелина Романовская және ерлер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.
Ал Санжар Жұбанов жарысты қола жүлдемен түйіндеді.