Әлеуметтік желілерде дүкен ішінде түсірілген видео тарады. Онда келуші әйелдердің бірі кенеттен пышақ шығарып, басқа әйелге шабуыл жасағаны көрінеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға куәгерлердің көз алдында болған. Жарияланған видеоға қарағанда, әйелдердің арасында айтарлықтай жанжал болмаған, алайда бір сәтте олардың бірі аяқ астынан агрессияға көшіп, қарсы тұрған әйелге пышақпен шабуыл жасаған.
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметі бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Күдікті анықталып, медициналық мекемеге орналастырылды», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.