Астаналық келіншек қонаққа барған үйінен миллион теңгенің алтынын ұрлап кеткен

Бүгін, 11:00 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астанада полицейлер зергерлік бұйымдарды ұрлау дерегін жедел түрде ашты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алтын әшекейлерінің жоғалғаны туралы әйел адам полицияға арызданған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды — ол жәбірленушінің танысы болып шыққан және бұған дейін оның үйінде қонақта болған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ол кетіп бара жатып, жасырын түрде алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллион теңгеден асты.

Ұрланған бұйымдарды күдікті ломбардқа тапсырған. Полиция қызметкерлері күдіктіні арыз түскеннен кейін келесі күні-ақ анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және үйге кіріп-шығатын адамдарға мұқият болуды ескертеді. Заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.

Тэгтер:

ұрлық алтын әшекей