Жетісу облысында мал ұрлығына байланысты қылмыстар үшін жауапкершілік кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыс прокуратурасымен жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылданып, осындай санаттағы қылмыстарды жасаған тұлғаларға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға бағытталған тұрақты сот тәжірибесі қалыптасуда.
Осы жұмыстың бір мысалы ретінде Алакөл ауданында ірі қара малды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істің қаралуын атауға болады.
Анықталғандай, серіктестіктердің бірінің екі қызметкері өздеріне сеніп тапсырылған мүлікті— ірі қара малды ұрлап, 90 млн теңгеден астам материалдық залал келтірген.
Бірінші сатыдағы сотпен кінәлілерге ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша 5 жыл 7 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Тағайындалған жазамен келіспей, Алакөл ауданының прокуратурасы апелляциялық өтінішхат енгізді.
Жетісу облыстық сотының қылмыстық істержөніндегі сот алқасының қаулысымен прокурордың өтінішхаты қанағаттандырылып, сот үкімі өзгертілді — шартты соттау күші жойылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Жетісу облысының прокуратурасы сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз ету, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың бұлтартпастығы қағидатын нығайту бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.