Талдықорғанда жоғалып кеткен ерекше күтімді қажет ететін баланың денесі табылды. Бұл туралы Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті.
26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген полиция хабарламасында.