Атырауда 10 жасар бала суға батып кетті

Бүгін, 07:46 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Нұржау ауылындағы Шарон өзенінде рұқсат етілмеген жерге 2016 жылы туған бала суға түсіп, батып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 25 мамыр 18:30 шамасында болған. Денесі шығарылды.

Өңірде суға шомылу маусымы ашылған жоқ.

Осыған байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Балаларды су жағасына ересектердің қарауынсыз жібермеңіздер, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.