25-29 мамыр күндері Ресей Федерациясы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске дайындық және оларды өткізу аясында Астана көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді.
«Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.
Сонымен қатар, аталған күндері Астана қаласының аспанында ҚР ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.