25 мамыр — Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туған күні, деп хабарлайды turkystan.kz.
1924 жылы Ақмола облысының Ақкөл ауданында дүниеге келген ол 21 жасында Кеңес Одағының Батыры атанып, Берлинге дейінгі қанды шайқастарға қатысты.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі ретінде ұлттық армияның қалыптасуына зор үлес қосты.
Еліне деген адалдығы мен қайсар мінезі арқылы Сағадат Нұрмағамбетов өскелең ұрпаққа Отанды сүюдің, ерлік пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетті.