Батуттағы гимнастикадан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әйелдер арасындағы жекелей секіру сайысында Виктория Бутолина қола жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ ерлер арасындағы синхронды секіру бағдарламасында отандастарымыз сәтті өнер көрсетті. Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов күміс медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бозбалалар мен юниорлар санатында да он медаль еншіледі. Отандастарымыздың қоржынында екі алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде бар.