Астанада балалар ауруханасынан өрт шықты

Бүгін, 09:50 / Алуа Арман
112

Астана қаласы Сарайшык ауданында, Қошқарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимаратында жертөледегі электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Хабарлама түскеннен кейін 2 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті. Қауіпсіздік мақсатында персонал мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды. Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Тэгтер:

Аурухана өрт балалар ауруханасы