Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы алты медаль жеңіп алды

24 мамыр, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Кезекті жарыс күнінде грек-рим және әйелдер күресінің балуандары сынға түсті. Отандастарымыз алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Алина Ертөстік (76 келіге дейін), Ерасыл Жеңгіс (87 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 келіге дейін), Диас Нұрақов (63 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұған дейін грек күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты. Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медаль еншіледі. Ал Кирилл Минько (82 келіге дейінгі) қола медальға ие болды.