Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды
Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Арын Амангелдіұлы Өрсариев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Арын Өрсариев 1976 жылы Алма-Ата қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін маман-елтанушы мамандығы (екі шет тілінде) бойыншы тәмамдады. «Болашақ» бағдарламасымен Сорбонна (Париж) университетін дипломатия және стратегия магистрі мамандығы бойынша бітірді. Саясат ғылымдарының докторы. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының мұғалімі, жоғары санаттағы маман болып бастап, кейін ҚР Сыртқы істер минситрлігінің екінші хатшысы қызметін атқарады. Əр жылдары Қауіпсіздік кеңесі секретариаты аналитикалық орталығының аға сарапшысы, ішкі саясат бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық-аналитикалық орталығы секторының меңгерушісі; Астана қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары, төарағасы міндетін атқарушы; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметтерін атқарған.