«Бала керек емес деді»: Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі жан сырын ақтарды

Бүгін, 17:53 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Instagram желісіндегі парақшасында Гүлайым Рахмонова түрлі құттықтаулар мен пікірлерге байланысты Шавкат Рахмоновты мазаламауды өтінді. Сондай-ақ ол қаржылық мәселелер жайлы да ойын ашық жеткізді.

«Қызының тойына қомақты қаражат жұмсалды, баспана мен көлік те әперілді. Көп жағдайда шығынның бәрі Шавкаттың мойнында болды. Бірақ соның бәрі шектен тыс болып кетті», — деп жазды ол.

Бұдан бөлек, Гүлайым өзінің қазіргі жағдайы мен жаңа туған сәбиіне қатысты көпшілік сұрағына да жауап берген.

«Балаға келді ме?” деп қайта-қайта сұрай бермеңіздер. Ол кезінде “бала керек емес” деп айтқан. Аллаға шүкір, аман-есен босанып, сәбиімді құшағыма алып үйге оралдым», — деді ол.

Жазба соңында ол елден спортшыны артық хабарламамен мазаламауды сұрап, бәріне шүкіршілік ететінін жеткізді.