Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 09:09 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 24 мамырда Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Орал, Ақтөбе, Алматы, сондай-ақ түнгі уақытта Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында күтіледі.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда ауада зиянды заттардың шоғырлануы артып, атмосфералық ауаның сапасы төмендеуі ықтимал. Бұған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман мен инверсия сияқты факторлар әсер етеді.