Nazarbayev University студенті атанған шымкенттік түлек 23 шетелдік университеттен шақырту алды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы түлегі Тамерлан Сыздықов халықаралық олимпиадалар мен іріктеу кезеңдеріндегі жоғары нәтижелерінің арқасында АҚШ, Гонконг, Австралия, Испания, Италия, Түркия және Ұлыбританияның жетекші университеттерінен ұсыныс алған.
Қала әкімдігінің қолдауымен өткен «Үздік оқушы – 2025» байқауының жеңімпазы атанған талапкер шетелдік оқу орындарының шақыртуына қарамастан, білімін Қазақстанда жалғастыруды жөн көріп, Nazarbayev University оқу орнын таңдады.